Қарағандыда кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды
Қарағандыда кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
22 қаңтар күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасының Жедел басқару орталығына қаладағы жер үйлердің бірінде қарақшылық шабуыл болды деген ақпарат түсті. Оқиға орнына біріккен жедел-тергеу тобы жіберілді.
Полиция қызметкерлерімен беттеріне медициналық бетперде таққан екі азамат 46 жастағы жеке кәсіпкердің үйіне зат жеткізуші ретінде кіргені анықталды. Жәбірленушінің айтуынша, қаскөйлер қолдарындағы қарумен аспанға екі рет оқ атып, одан бағалы заттарын беруді талап еткен. Жәбірленуші оларға қарсылық көрсеткенде күдіктілер оған пышақ жарақатын келтірген. Ер адам медициналық мекемеге жеткізілді.
Күдіктілер оқиға орнынан жалпы құны 2 340 000 теңге болатын алтын бұйымдар алып кеткен.
Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-бабына «Қарақшылық» сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
– Қылмысты ашу бойынша жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 25 пен 40 жас аралығындағы үш күдікті ұсталды. Олардың бірі жеке кәсіпкердің мекемесінде жұмыс істейтіндігі белгілі болды. Ол қасындағы сыбайластарына кәсіпкер туралы ақпарат беріп, қылмыс жасау кезінде сыртта көлікте күтіп отырған. Күдіктілердің тұрғын үйлеріне жүргізілген тінту барысында полиция қызметкерлері айғақ зат ретінде тапанша, алтын бұйымдардың жартысын тәркіледі, – деп хабарлады Қарағанды облысының ПД бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.