Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Степногорск полицейлері пәтер ұрысын қолға түсірді

Степногорск полицейлері пәтер ұрысын қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Пәтер ұрлығы өткен жылдың желтоқсан айында тіркелген. Степногорск қаласының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арыз берді. Әйелдің айтуынша, 24 желтоқсан күні белгісіз тұлғалар сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін есік кілтін таңдау арқылы үйге кіріп, алтын бұйымдар мен ақша қаражатын ұрлап әкеткен. Жалпы сомасы 1,8 млн теңгені құрады.

Бір ай бойы полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралар кешенін жүргізді, оның ішінде ломбардтар мен ұрланған заттарды өткізудің басқа да орындарын тексерді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде ағымдағы жылдың қаңтар айында жедел уәкілдер күдіктіні анықтап, ұстады. Ол Көкшетау қаласының 28 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта ұрлық фактісі бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті қамауда.

Полиция қызметкерлері ұсталған азаматтың өңір аумағындағы басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру