Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда синтетикалық есірткіні жасырумен айналысқан жігіт ұсталды

Ақтауда полицейлер «мефедрон» синтетикалық
есірткі затын жасырушыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 қаңтар күні Маңғыстау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 21 жастағы Ақтау қаласының тұрғынын ұстады. Тінту кезінде одан көк түсті пакетке оралған 15 дана полиэтиленді түйіншікке салынған 10 грамм синтетикалық есірткі заты «мефедрон» тәркіленді. Сондай-ақ, жігіттен оның есірткі заттарын жасырушы ретінде жұмыс істейтінін және телеграм-чатқа (интернет-дүкенге) қатысы бар екенін көрсететін ұялы телефон табылды.

Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлімі, яғни, электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы, одан әрі өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Жоғарыда көрсетілген күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасының сұрақтары қарастырылуда.
Қылмыстық іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру