Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтанда “Тұрмыс” жедел-алдын алу іс-шарасы жалғасуда

Елорда аумағында “Тұрмыс” жедел-алдын алу іс-шарасы жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері халық арасында қолданыстағы заңнамаларды түсіндіру, тұрмыс жағдайында құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды тұрғылықты жері бойынша тексеру, сондай-ақ, қолайсыз отбасыларды анықтау бойынша ауқымды іс-шаралар өткізуде.

Әсіресе, қорғау нұсқамасы немесе жүріс-тұрысына ерекше талаптар қойылған адамдардың белгіленген шектеулерді сақтауына назар аударылады.

Қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейту мақсатында елордалық Полиция департаментінің қызметкерлері әрбір учаскені барынша тексеруде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру