Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицейлер азаматтарды заңсыз сақталған қаруды тапсыруға шақырады

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарды заңсыз сақталған тіркелмеген атыс және суық қаруды тапсыруға шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Қару, оқ-дәрі және жарылғыш заттар табылған жағдайда олармен қандай да бір іс-қимыл жасамауды, оларды тасымалдамауды және бұл туралы полицияға “102” телефоны бойынша хабарлауды ескертеміз.

Аталған іс-шаралар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, атыс және суық қаруды қолданумен жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Сұрақтар бойынша Нұр-Сұлтан қаласы ПД-нің төмендегі көрсетілген байланыс нөмірлері арқылы хабарласуға болады:

Нұр-Сұлтан қ. ПД – 71-61-70;
“Алматы” ауданы ПБ – 71-67-37;
“Сарыарқа” ауданы ПБ – 71-66-46;
“Есіл” ауданы ПБ – 71-65-61;
“Байқоңыр” ауданы ПБ – 20-22-87.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру