Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық полицейлер қырда жоғалып кеткен ер адамды тапты

Атыраулық полицейлер қырда жоғалып кеткен ер адамды тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

31 қаңтар күні Жылыой ауданы полиция бөлімінің «102» арнасына Жылыой аударының тұрғыны өзінің туған ағасы – 32 жастағы Бейбіт Қамысбаевтың бір күн бұрын УАЗ автокөлігімен Құлсары қаласынан шамамен 65 шақырым болатын Сарыбұлақ елді мекеніне жақын қырға жалданып, азық-түлік апарып келуге кетіп, осы уақытқа дейін оралмағаны жөнінде хабар берген.

Хабарлама түскеннен кейін сол күні полицейлер мен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жоғалған адамды іздеуді бастаған. Жедел-іздестіру шаралардың нәтижесінде, жоғалған азамат таңғы сағат 04:00 шамасында Қадия қыстағынан табылған.

Жоғалған ер адамның туыстары полиция бөлімінің және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлеріне өз алғыстарын білдірді.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру