Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте көлік ұрлаған түркістандық құрықталды

Шымкент полицейлері көлік ұрлаған түркістандықды құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаратау ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында туысының үйіне қонаққа барған уақытында көпқабатты үйдің ауласында тұрған құны 1,5 млн теңгені құрайтын Nexia көлігін белгісіз біреу ұрлап кеткенін көрсеткен. Арызданушының айтуынша, көлігінің есігі ашық тұрған, сонымен қатар кілтін көлікте ұмытып кеткен.

Аталған жайт бойынша Қаратау аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері Шымкент ҚПД Жедел басқару орталығына хабарлаған. Хабарды алған Жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнебақылау камераларының көмегімен ұрланған көліктің жүрген жерін дереу анықтады. Патрульдік полиция полкі қызметкерлерінің көмегімен көлікті айдап кеткен азамат құрықталды.

Атқарылған жұмыстың нәтижесінде, 31 жастағы түркістандық азамат анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді.

Қазіргі таңда аталған ер адамға қатысты ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі бойынша (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) қылмыстық іс тергелуде. Сондай-ақ, азаматтың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру