Павлодар облысының тұрғынынан тіркелмеген мылтық тәркіленді
Ертіс ауданының тұрғынынан тілкелмеген «Toz» аңшылық мылтығы тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Ертіс ауданы ПБ қызметкерлері 34 жастағы ауыл тұрғынынан тіркелмеген «Toz» аңшылық мылтығын тәркіледі. Тексеру барысында тәркіленген мылтық зауыттық тәсілмен жасалғаны және полиция органдарында тіркелмегені анықталды.
– Қазіргі уақытта аудан тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігі (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жиналған материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді, – деді Павлодар облысы Ертіс аудандық полиция бөлімінің бастығы Қуат Түсіпбеков.