Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте киім-кешек дүкеніне ұрлыққа түскен күдікті бейнебақылаудың көмегімен құрықталды

Шымкентте киім-кешек дүкеніне ұрлыққа түскен күдікті бейнебақылаудың көмегімен құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаратау ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өзінің қала аумағындағы киім-кешек сататын дүкенінде болғанда, белгісіз біреу сөмкесіндегі ақшасын жасырын түрде жымқырып кеткенін жазып көрсеткен. Яғни, арызданушының сауда-саттық жасап тұрған сәтін пайдаланған әккі ұры, сөмке ішіндегі әмиянынан байқатпай 200 мың теңгесін қолды еткен.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) тіркеп, жедел-іздестіру шараларына жұмылды.

Қаратау АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел әрекет ету арқылы ұрлық жайты болған дүкенге бағыт алды. Тәртіп сақшылары сол аумақтың бейнабықылау камераларын мұқият тексерді. Сондай-ақ, басқа да азаматтардан көрген-білгенін сұрады. Нәтижесінде, сақшылар ұрлық жасаған 21 жастағы азаматшаны қала аумағынан қолға түсіріп, басқармаға жеткізді. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру