Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-ның пробация есебінде 352 сотталған тұр

СҚО-ның пробация есебінде 352 сотталған тұр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО аумағында 7 ақпанда «Профилактикалық бақылау» респбуликалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.

«Профилактикалық бақылау» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде СҚО бойынша ҚАЖД Петропавл қаласының пробация қызметі бөлімінің 19 қызметкері, ІІБ 15 қызметкері, жалпы 34 қызметкер жұмылдырылды.

СҚО бойынша ҚАЖД Петропавл қаласы ПҚБ есебінде қоғамнан оқшаулаусыз барлығы 352 сотталған тұрады. Іздесіру жедел-алдын алу іс-шарасының қорытындысы бойынша қызметкерлер есепке алынған контингенттің тұрғылықты жері бойынша тексеру жүргізеді, онда СҚО бойынша ҚАЖД Петропавл қаласы ПҚБ есебінде тұрған, қоғамнан оқшаулаусыз жазаға тартылған барлық сотталғандар қамтылады.

Есепте тұрған адамдар ҚР ІІМ-нің «Web-интерфейс» деректер базасы, «Беркут-клиент МО», «СИОПСО» деректер базасы бойынша Петропавл қаласы ПҚБ есебінде тұрған сотталғандардың құқық бұзушылықтарын және қайталама қылмыстарды тексеру жүргізіледі.

«Профилактикалық бақылау» республикалық жедел-алдын алу іс шарасы криминогендік жағдайды сауықтыруға, сондай-ақ құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру