Маңғыстауда пробация қызметкерлері 200-ге жуық адамды мекенжайы бойынша тексерді
Маңғыстауда пробация қызметкерлері 200-ге жуық адамды мекенжайы бойынша тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
7 ақпаннан бастап Маңғыстау облысы аумағында «Профилактикалық бақылау» іс-шарасы басталды. Бұл шараның мақсаты – пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалардың қайтадан қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу.
Қазіргі таңда облыс бойынша пробацияның есебінде 1300-ден астам тұлға бар. Шараның бірінші күні пробация қызметкерлері 200-ге жуық адамды мекенжайы бойынша тексерді.
– Біз учаскелік полиция инспекторларымен бірге сотталғандардың тұрғылықты жері бойынша тексеру жүргіземіз. Олармен қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтар жасауға жол бермеу туралы профилактикалық сипатта әңгімелесіп, сұхбат жүргіземіз, – дейді Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметіне басшылық жасау бөлімшесінің бастығы Оралбек Исатаев.
Аталған іс-шара 13 ақпанға дейін жалғасады.