Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда пробация қызметкерлері 200-ге жуық адамды мекенжайы бойынша тексерді

Маңғыстауда пробация қызметкерлері 200-ге жуық адамды мекенжайы бойынша тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 ақпаннан бастап Маңғыстау облысы аумағында “Профилактикалық бақылау” іс-шарасы басталды. Бұл шараның мақсаты – пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалардың қайтадан қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу.

Қазіргі таңда облыс бойынша пробацияның есебінде 1300-ден астам тұлға бар. Шараның бірінші күні пробация қызметкерлері 200-ге жуық адамды мекенжайы бойынша тексерді.

– Біз учаскелік полиция инспекторларымен бірге сотталғандардың тұрғылықты жері бойынша тексеру жүргіземіз. Олармен қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтар жасауға жол бермеу туралы профилактикалық сипатта әңгімелесіп, сұхбат жүргіземіз, – дейді Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметіне басшылық жасау бөлімшесінің бастығы Оралбек Исатаев.

Аталған іс-шара 13 ақпанға дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру