Қарағандыда екі мас жүргізуші жауапкершілікке тартылды
Қарағандыда екі мас жүргізуші жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
5 ақпан күні сағат таңғы 06.30 шамасында Қарағанды қалалық Полиция басқармасы, патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қызмет өткеру барысында ықшам аудандардың бірінде жылдамдық асырып, жол ережесін бұзып келе жатқан автокөлікті байқаған. Күдік тудырған автокөлікті полицейлер 46 жастағы азаматтың басқаруында тоқтатқан. Құжат тексеру барысында көлік жүргізушіден ішімдіктің иісі сезілген. Куәландыру қортындысына сәйкес оның мас күйде болғаны белгілі болды.
Сондай-ақ, полицейлермен ұсталған азаматты 2020 жылдың желтоқсан айында сот шешімімен 8 жылға жүргізу құқығынан айырғаны анықталды. Сондықтан да ол Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне жеткізілді.
Аталған фактіге байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 346-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Көлік жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Арада бірнеше уақыт өткенде полиция қызметкерлері сол ықшам ауданда орналасқан сауда үйлерінің бірінің маңында жол-жүру ережесін өрескел бұзғаны үшін 36 жастағы азаматтың басқаруындағы автокөлік тоқтатылып, көлік жүргізушінің мас күйде болғаны анықталды. Азаматқа Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 608-бабына сәйкес хаттама толтырылып, жиналған құжаттар шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.