БҚО бойынша ҚАЖД-да сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында семинар-кеңес өтті
БҚО бойынша ҚАЖД-да сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында семинар-кеңес өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықпен жемқорлық фактісінің алдын алу мақсатында ҚР ІІМ БҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті өзіндік қауіпсіздік тобының аға жедел уәкілі Серік Койшыбаевтың ұйымдастырумен семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңеске БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Превенция басқармасының басшысы Біржан Хайруллин, “Әділдік Жолы“ Республикалық қоғамдық бірлестігінің Орал қалалық Филиалының басшысы Бауыржан Ахметжан қатысты. Шара барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес жөнінде және статистикалық ақпараттар жеке құрам назарына жеткізілді.
Сондай-ақ, тақырыпқа сай бейнеролик көрсетіліп, заң талаптарын жұмыста да, жұмыстан тыс уақытта да қатаң сақтау керектігін жеткізді.
Шара соңында мекеме басшылығы өз алғысын білдіріп, алдағы уақытта профилактикалық бағыттағы жұмыстарды жүргізу жалғасын табатынын айтты.