Жамбылда 10 сотталғанға жеке бағдарлама жасалды
Таразда еркін өмірге аяқ басуына бір жыл қалған сотталған 10 азаматқа жеке бағдарлама жасалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесінде өткен семинарға №1 Тараз қалалық пробация қызметі бөлімінің орынбасары Олжас Бектаев, Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының бас маманы Мұрат Амреев және сотталғандар қатысты. Басқосу барысында пенитенциарлы пробацияға түскен сотталған азаматтарға жеке бағдарлама жасалды.
– Бостандыққа шығуына бір жыл қалған сотталғандар пенитенциарлы пробацияға түседі. Бұл сотталғандарға мекеме инспекторлары мен пробация қызметкерлері бірлесіп, әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бойынша жеке бағдарламалар дайындайды. Олардың өтініші бойынша мұқтаж сотталған азаматтарға әлеуметтік психологиялық көмек көрсетіледі. Оның ішінде тұрмыс пен еңбекпен қамтуға баса назар аударылған, – дейді семинар ұйымдастырушысы, – К.Әбдімомынова.