Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық полицейлер оқушыларға жол қауіпсіздігі туралы сабақ өткізді

Павлодарлық полицейлер оқушыларға жол қауіпсіздігі туралы сабақ өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласының аумағында 14-23 ақпан аралығында балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алуға бағытталған “Жолдағы балалардың қауіпсіздігі” жедел-профилактикалық іс-шарасы және балалардың көше мен жолдағы қауіпсіз мінез-құлыққа байланысты дағдыларын бекіту мақсатында Павлодар қаласы ПБ Орталық полиция бөлімінің ювеналдық полиция қызметкері Гаухар Рахымғожина №11 мектептің бастауыш сынып оқушыларымен сабақ өткізді.

– Бүгін өте қызық сабақ болды. Полицей бізге жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттігі туралы айтып берді. Бізге жолдағы қауіпсіз жүріс-тұрыс бойынша көрнекі материалдар таратылды. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері балаларды жолдарда мұқият болуға шақырды және маңызды ережелер туралы айтты. Менің ойымша, мұндай дәрістер оқушыларға өте танымды және пайдалы болады, – деп №11 ЖОМ оқушысы Мария өз әсерлерімен бөлісті.

– Осындай сабақтарды біз аймақтың барлық білім беру ұйымдарында өткізуді жоспарлап отырмыз. Іс-шараның басты мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу және оқушыларды жол қозғалысы ережелері туралы хабардар ету, – деп атап өтті Гаухар Рахымғожина.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру