Павлодар облысында заңсыз айналымнан 22 бірлік қару алынды
Павлодар облысында заңсыз айналымнан 22 бірлік қару алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тәртіп сақшылары тіркелмеген қаруды сақтау және алып жүру фактілерін анықтау, қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды ұрлауға жол бермеу, сондай-ақ қаруды қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың алдын алу бойынша жұмыс жүргізді.
– Полиция қызметкерлері заңсыз сақталған қаруды анықтау бойынша 726 рейдтік іс-шара өткізді, 518 шаруа қожалығы мен мал жайылым учаскелері тексерілді. Нәтижесінде, заңсыз айналымнан 22 бірлік қару, бір гранат және тегіс ұңғылы қарудың патрондары алынды, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Полиция тұрғылықты жері бойынша 4 871 жеке қару иелері тексерілгенін, оларда 203 әкімшілік құқық бұзушылық анықталғанын атап өтті. Ең көп таралған бұзушылықтардың бірі – азаматтық, қызметтік қаруды, оның патрондарын сақтау, пайдалану немесе тасымалдау қағидаларын бұзу, бұл бойынша – ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабына сәйкес 164 хаттама жасалды. Азаматтық және қызметтік қаруды тіркеу (қайта тіркеу) тәртібін не оны есепке қою тәртібін бұзу қағидаларын 39 қару иесі елемеді.Мысалы, Орталық полиция бөлімінің қызметкерлері сыртқы тексеру кезінде Павлодар қаласының тұрғынынан екі дана калибрлі -5,45 мм ойық қару патрондарын тапты. Сондай-ақ, Павлодар ауданының Ефремовка ауылында 30 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруымен ВАЗ-2110 автокөлігі тоқтатылды, оның тексеру кезінде автомобильдің артқы орындығында қосымша тұтқасы бар резеңке таяқ табылды. Барлық фактілер бойынша баллистикалық сараптама тағайындалды.
Павлодар облысының Полиция департаменті азаматтарға қару-жараққа құжаттардың болмауы қолданыстағы заңнаманы елеулі бұзу екенін еске салады. Сонымен бірге, қаруды өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауаптылықтан босатылады. Қару мен оқ-дәрілерді ерікті түрде тапсыру тәртібі туралы толық ақпаратты тұрғылықты жеріңіз бойынша полиция бөліміне жүгінуге немесе 8 (718-2) 39-11-75 телефоны арқылы хабарласуға болады.