Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Масаң күйде көлік жүргізген ақтөбелік әйел анықталды

Масаң күйде көлік жүргізген ақтөбелік әйел анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 ақпанда сағат 06:30-да патрульдік полиция қызметкерлері ҚР ЖҚЕ бұзғаны үшін Абай даңғылы мен Есет батыр көшесінің қиылысында Lexus-470 автокөлігін тоқтатты. Жол талғамайтын көлікті 36 жастағы әйел басқарған, оның мінез-құлқы полиция қызметкерлерінің күдігін тудырды.

Жүргізілген сараптама әйелдің көлікті мас күйінде басқарғанын растады. Сонымен қатар, тексеру кезінде жұргізуші бұрын көлік басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігі (Мас күйінде көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы) тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Жүргізуші Ақтөбе қалалық ПБ УҰИ-ға қамауға алынды.

Жыл басынан бері Ақтөбе полицейлері облыс жолдарында 70-тен астам мас жүргізушіні анықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру