Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД мен Жастар ресурстық орталығы меморандумға қол қойды

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД мен Жастар ресурстық орталығы меморандумға қол қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Түпқараған аудандық пробация қызметі және аудандық Жастар ресурстық орталығы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Түпқараған аудандық пробация қызметінің бастығы Айхайбек Наковтың айтуынша, бұл құжат жастар арасында құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікке тәрбиелеу, жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөнінде шаралар қабылдау және өзара ынтымақтастықты күшейту болып саналады. Сонымен қатар, жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жөніндегі шараларды жүзеге асыру мақсатында уағдаластықтарға да қол жеткізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру