Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тараздық сақшылар пәтер ұрысын ұстады

Тараздық сақшылар пәтер ұрысын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 ақпанда «102» басқару пультіне Тараз қаласының шағын аудандарының бірінде күндіз пәтеріне терезе арқылы ұрының кіргендігі туралы азаматшадан шақырту түскен. Күдікті үй иесін көріп, қорыққанан қайта терезеден секіріп, шығып кеткен.

Алайда ұрлық жасаудың сәтсіз әрекеті оны тоқтатпай, ол өзінің қылмыстық ниетін аяқтау үшін көрші мөлтек ауданға бет алып, екінші рет ол өзінің қылмыстық ниетін жүзеге асырды. Мөлтек аудандағы бос пәтерге терезе арқылы кіріп, ол ұялы телефон мен күмістен жасалған зергерлік бұйымдарды ұрлап, 97 мың теңге материалдық шығын келтірді.

Тараз қалалық Полиция басқармасы криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында бірнеше сағаттан кейін ұры ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Ол облыс орталығының 29 жастағы тұрғыны болып шықты.

Ұсталған азамат кінәсін мойындады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, тергеу жүргізілуде.

Кейін белгілі болғандай, оның жасына қарамастан, ол бас бостандығынан айыру орындарында осындай қылмыстар үшін жазасын өтеген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру