Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында ең үздік жасақ бастығы анықталды

Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты мекемелер арасында жасақ бастығының үздік қызметкерін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысында қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемелер қызметкерлері арасында «Үздік жасақ бастығы» атағына кәсіби шеберлік байқауы өтті.

Байқауға ЛА-155/16, ЛА-155/14, ЛА-155/8, ЛА-155/4, ЛА-155/12 және ЕС-164/4 мекемелерінің тәрбие қызметінің лауазымдық қызметі бағытында оң сипатталатын және қолданыстағы тәртіптік жазалары жоқ қызметкерлер қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша ІІІ орынды ЛА-155/4 мекемесі Маржан Искакова иеленді. Екінші орын – ЛА-155/12 мекемесі Ерден Бегасылов. Алматы облысы бойынша «Үздік жасақ бастығы» атағын ЛА-155/8 мекемесі Темур Орипжонов танылды.

Жеңімпаздар кубоктармен және мақтау қағаздарымен марапатталды. Сондай-ақ, байқау жеңімпазы Темур Орипжонов елордада өтетін республикалық байқауда Алматы облысының намысын қорғайды.

– Байқаудың негізгі мақсаттары – тәрбие бөлімінің қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындау үшін кәсіби және қолданбалы білімдерін, дағдыларын жетілдіру, құқықтық мәдениетін арттыру және кәсіби, психологиялық, моральдық және іскерлік қасиеттерін дамыту. Байқау қылмыстық-атқару жүйесінің тәрбие бөлімінің қызметкерлерін жетілдіруге және өзін-өзі дамытуға  ынталандыру болып саналады, – деп атап өтті облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы Игілік Хасенов.

Тәрбие бөлімінің қызметкері кәсіби қызметінде оның қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің талаптарын білуі және тәжірибеде шебер қолдануы, дене және жауынгерлік даярлық, алғашқы медициналық көмек көрсету, қызметтік іс қағаздарын жүргізу және ақпараттық технологиялар саласында дағдыларды, сонымен қатар жоспарлауды сауатты түрде меңгеріп, қызметтік тапсырмаларды орындауы қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру