Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жүргізуші павлодарлық полицейлерге жолда көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты

Жүргізуші павлодарлық полицейлерге жолда көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Василий Склярдың атына павлодарлық жүргізушіден алғыс хат келді.

– 19 ақпанда жұбайым Камиламен бірге Павлодар қаласынан Екібастұзға шықтым. Қалқаман кенті мен Екібастұз арасында Менің ВАЗ 21099 көлігім бұзылды. Себебін анықтай алмадым. Өйткені қараңғы түсіп кетті. Басқа жүргізушілер тоқтамады. Тоңа бастадық. Осы уақытта бізге полиция қызметкерлері Гинаятов пен Құдайбергенов келіп, көлігімізді арнайы арқанмен тартып, Екібастұзға дейін жеткізді. Қызметкерлер бізді қиындықта қалдырмай, бізге көмектесті, – деп жазды Самат.

– Сол күні күштер мен құралдарды орналастыруға сәйкес біз Павлодар – Екібастұз тас жолында кезекшілікте болдық. Трассаны айналып өтіп, ВАЗ 21099 көлігінің тұрғанын байқадық. Не себепті тоқтап тұрғанын  анықтау үшін және біздің көмегіміз қажет шығар деген оймен оларға жақындадық. Алдымыздан жас жігіт шықты, ол тоңып қалған екен. Көлігінің бұзылғанын  айтты. Біз көлікті тросқа алып, Екібастұз қаласына жеткіздік. Көмекке мұқтаж адамдарға көмектесу – бұл біздің бірінші кезектегі міндетіміз, – деді Екібастұз қаласы ПБ патрульдік полиция ротасының инспекторы Төлеубай Құдайбергенов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру