Ақтөбеде кезекті мас жүргізуші ұсталды
Ақтөбеде кезекті мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
23 ақпанда патрульдік полиция қызметкерлері 41 разъезд ауданында орналасқан ЖҚС жанында жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 35 жастағы жүргізушінің басқаруындағы ВАЗ-21213 автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде жүргізушінің мінез-құлқы полиция қызметкерлерінің күдігін тудырды, жүргізушінің мас күйінде көлік басқарғанын сараптама көрсетті. Сонымен қатар, жүргізушінің көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.
ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігі (Мас күйінде көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы) бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Жүргізуші Ақтөбе қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Көлік арнайы тұраққа қойылды.