«Жолдардағы балалардың қауіпсіздігі»: жамбылдық полицейлер бастауыш сынып оқушыларына сабақ өткізді
«Жолдардағы балалардың қауіпсіздігі» профилактикалық іс-шарасы аясында жамбылдық полиция қызметкерлері №30 мектеп гимназиясының бастауыш сынып оқушылары үшін жол қауіпсіздігі және жол белгілерін үйрену бойынша танымдық сабақ өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараның мақсаты – жолда жүру тәртібіне және мәдениетіне тәрбиелеу.
Тәртіп сақшылары балалармен жолдардағы қауіпсіз жүріс-тұрыс бойынша профилактикалық әңгімелер өткізді, жаяу жүргіншінің алдында туындауы мүмкін жол «тұзақтары» – қиын жағдайларды қарастырды.
Сондай-ақ, полицейлер велосипедке, самокатқа және роликтерге қалай және қайда міну, жолдан қалай өту керектігін, жүріс бөлігінде және аулада қандай қауіп-қатерлер болатынын түсіндірді.
Балалар жол қозғалысы ережелерін талқылауға белсене қатысты, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері балаларды қызметтік көліктің құрылғысымен таныстырды.
Арнайы көліктің жарық-сигналдық жабдығы балалардың ерекше қызығушылығын тудырды. Оқушылар көлік құралына қуана отырды. Тәртіп сақшылары балаларға бейнетіркегіштің, радиостанцияның, сигналдық дауыс зорайтқыш құрылғының жұмыс істеу принципін көрсетті.
Іс-шара соңында балалар полицейлерге танымдық сабақ үшін алғыстарын айтып, жол қозғалысы ережелерін сақтауға уәде берді.