Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Жолдардағы балалардың қауіпсіздігі”: жамбылдық полицейлер бастауыш сынып оқушыларына сабақ өткізді

“Жолдардағы балалардың қауіпсіздігі” профилактикалық іс-шарасы аясында жамбылдық полиция қызметкерлері №30 мектеп гимназиясының бастауыш сынып оқушылары үшін жол қауіпсіздігі және жол белгілерін үйрену бойынша танымдық сабақ өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараның мақсаты – жолда жүру тәртібіне және мәдениетіне тәрбиелеу.

Тәртіп сақшылары балалармен жолдардағы қауіпсіз жүріс-тұрыс бойынша профилактикалық әңгімелер өткізді, жаяу жүргіншінің алдында туындауы мүмкін жол “тұзақтары” – қиын жағдайларды қарастырды.

Сондай-ақ, полицейлер велосипедке, самокатқа және роликтерге қалай және қайда міну, жолдан қалай өту керектігін, жүріс бөлігінде және аулада қандай қауіп-қатерлер болатынын түсіндірді.

Балалар жол қозғалысы ережелерін талқылауға белсене қатысты, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері балаларды қызметтік көліктің құрылғысымен таныстырды.

Арнайы көліктің жарық-сигналдық жабдығы балалардың ерекше қызығушылығын тудырды. Оқушылар көлік құралына қуана отырды. Тәртіп сақшылары балаларға бейнетіркегіштің, радиостанцияның, сигналдық дауыс зорайтқыш құрылғының жұмыс істеу принципін көрсетті.

Іс-шара соңында балалар полицейлерге танымдық сабақ үшін алғыстарын айтып, жол қозғалысы ережелерін сақтауға уәде берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру