Елордада терроризмге қарсы қорғалу бойынша семинар өтті
Елордалық полиция қызметкерлері №34 мектепке дейінгі ұйым мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мамандандырылған балалар үйінің қызметкерлерінің қатысуымен семинар өткізді, онда терроризмге қарсы қорғалу бойынша әдістемелер ұсынылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Семинар барысында Қазақстан Республикасының террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы саласындағы заңнамасы, терроризм актісі қатері кезіндегі іс-әрекеттер және профилактикалық іс-шаралар мен төтенше жағдайларда іс-қимылдарды ұйымдастыруға көмек көрсету егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Сондай-ақ, терроризм актісі туралы көрінеу жалған ақпарат таратылған жағдайда ҚР Қылмыстық Кодексінің 273-бабы бойынша құқыққа қарсы іс-әрекет жасағаны үшін жауапкершіліктің бары атап айтылды.
Бұл ұсынымдардың мақсаты адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға және төтенше жағдайларда алдын алу іс-шараларын ұйымдастыруға көмектесуге бағытталған.
Сонымен қатар, жиналыста жастар арасында және жалпы қоғамда экстремизмнің алдын алу мәселелері талқыланды