Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада криминалистердің аналарына медальдар табысталды

Қызылордада жедел криминалистика бөлімі полицейлерінің аналарына медальдар табысталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласы Полиция басқармасы жедел криминалистика бөлімі полицейлерінің аналарына «Офицердің анасы» медальдары табысталды. Салтанатты рәсімде аналарға медальдарды Полиция басқармасының бастығы Әбдібек Жаназаров табыс етті.

– Ізгілік пен ілтипаттың, бірлік пен берекенің жарқын мерекесі іспетті Алғыс айту күнімен баршаңызды құттықтаймын. Және осы мерекемен тұспас-тұс келген криминалистика бөлімінің кәсіби төл мерекелерімен де құттықтағым келеді. Осындай білікті де, білімді офирцер ұлдар тәрбиелеп, өсіргендеріңіз үшін сіздерге мыңда бір алғыс. Келе жатқан мерекелеріңіз тағы да құтты болсын, – деп жылы лебізін білдірді Әбдібек Жаназаров.

Бүгінгі іс-шараның мақсаты – офицер мәртебесін көтеру және лайықты ұл-қыз тәрбиелеп отырған аналарға алғыс білдіру. Марапат ұл-қыздары полиция қатарында лайықты қызмет атқаратын аналарға беріледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру