Жамбылдық полицейлер ұрланған 16 қару мен 300-ден астам патрон тапты
Жамбылдық полицейлер ұрланған 16 қару мен 300-ден астам патрон тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тәртіп сақшылары күн сайын қаңтар айындағы оқиғалар кезінде ұрланған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді іздеуге қатысты үздіксіз жұмыстар жүргізуде.
Мысалы, өткен аптада Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен 16 қару мен 300-ден астам түрлі калибрлі патрон алынды.
Табылған қаруларға сот-баллистикалық сараптама тағайындады.
Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оны полицияға өз еркімен тапсырған адам, егер басқа құқық бұзушылықтарға қатысы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Анонимділік сақталады.