Алматының жас тәртіп сақшылары алғашқы қызметтік куәліктерін алды
Алматының жас тәртіп сақшылары алғашқы қызметтік куәліктерін алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматыда 35 жас полицей алғашқы қызметтік куәліктерін алды. Жаңадан кіргендердің патриоттық рухын арттыру мақсатында бұл іс-шара арнайы ПД мұражайында өткізілді.
– Біздің қатарымызға құқық қорғау органдарының жаңа буыны қосылды. Жас қызметкерлер аға әріптестерінің дәстүрін лайықты жалғастырып, кәсіби сынақтардан абыроймен өтетініне сенгім келеді. Полициядағы қызмет – оңай емес, төзімділікті, адалдықты, әділдікті, адамдарды құрметтеуді талап етеді. Сіздер азаматтарымыздың конституциялық құқықтарын қорғаушылардың алдыңғы қатарында болуларыңыз керек. Әрқайсыңыз өз ісіңіздің нағыз кәсіби маманы болуға күш салып, заң бұзған адамдарды жазалау қағидатын қамтамасыз етулеріңіз керек, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Олжас Мырзабеков.
Жас полицейлер күрделі іріктеуден өтті. Көпшілдік, әдептілік, төзімділік, заңды жақсы білу, дене шынықтыру дайындығы – осы қасиеттердің барлығы жас офицерлердің бойында бар.
Тәлімгерлер жеке құрамды құттықтап, қызметке жаңадан келгендердің абыроймен қызмет ететініне, бұрынғылардың жауынгерлік ерліктері мен даңқты дәстүрлерін жалғастырып, полиция қызметінің беделін арттыратынына сенім білдірді.