Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда ҚАЖ қызметкерлерінің аналарын құттықтады

Маңғыстауда ҚАЖ қызметкерлерінің аналарын құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ГМ-172/6 мекемесінің басшы құрамы мекеме қызметкерлерінің аналарын мерекемен құттықтады.

Ана – адамды өмірге әкелетін қасиетті жан. Баласы үшін өзінің қуанышы мен тыныштығын, денсаулығы мен әдемілігін қашанда құрбан етуге дайын абзал жан.
Асхат Дүйсенқалиевтің анасы мен Серік Демеуовтің әжесі Күмісай әжей мен Набат апай отбасының ұйытқысы болып, балаларына, немерелеріне ақылдарын айтып, бағыт-бағдар беріп отырған аяулы аналар.
Ұлдарды тәрбиелеп отырған аналарға өз алғыстарын айтқан мекеме басшылығы жылы лебіздерін білдірді. Ішкі істер органдарында қызмет атқару – үлкен жауапкершілік, зор міндет. Сондықтан қызметкерлерге отбасы тарапынан қолдау көрсетіліп, жанына демеу болған аналардың орны ерекше. Қазақ халқымыз “Анаңды Меккеге үш арқалап апарсаң да, қарызынан құтыла алмайсың”, «Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды” сынды тәрбиелік мәнге толы мақал-мәтелдер айтып, ананың ерекше орнын анық көрсете білген.

– Аналардың әр күнін мереке қылса да перзент үшін артықтық қылмас, алайда жылына бір күнді анаға арнаймын деген адамға шектеу жасау да жөн болмас. Аналарымызға аналық бақытты сезінуді, қашан да перзенттерінің ықыласына бөленуді тілейміз, – дейді мекеме бастығының орынбасары Азат Шабиков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру