Полицейлер интернет-алаяқтықтың алдын алу жұмыстарын жүргізуде
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес полиция қызметкерлері қылмыстың алдын алуға ерекше ден қоюда. Алматы облысында құқық қорғау органдары интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша өзара іс-қимыл мәселелерін пысықтау үшін алты банк өкілдерімен дөңгелек үстел ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Дөңгелек үстелге Halyk Bank, Еуразиялық банк, Хоум кредит банк, Сбербанк, Kaspi bank, ForteBank қатысты. Полицияны облыстық департамент бастығының орынбасары Мақсат Ережепов пен тергеу басқармасының бастығы Руслан Чарапиев таныстырды.
Қаңтар және ақпан айларында өңірде интернетті пайдалану арқылы алаяқтықтың 154 фактісі тіркелгені белгілі болды. Кездесу барысында тараптар алаяқтардың интернет кеңістікте қолданатын әдістерін талқылады. Олар әртүрлі қылмыстық сызбаларды жасайтындығын көрсетеді, бірақ көбінесе «Anydesk» деп аталатын қосымшаны, сондай-ақ, жалған тұлғаларды пайдаланады.
Өз кезегінде банкирлер клиенттердің жеке деректерін үшінші тұлғаларға беруге жол бермеуге бағытталған жұмыс бақылауда екендігін жеткізді. Банктің әрбір қызметкері ақпаратты өзінің жеке логинімен алады, бұл кейіннен клиенттің деректеріне арнайы база бойынша кім қызығушылық танытқанын анықтауға мүмкіндік береді. Онлайн-операцияларды рәсімдеу кезінде банктердегі бақылауды күшейту үшін клиенттің тұлғасын сәйкестендіру қолданыла бастады, мақұлдау тұлғаның биометриясы расталғаннан кейін жүзеге асырылады.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша жұмысты жандандыру маңызды екені айтылды.
- халықты интернет алаяқтарға қарсы тұру тәсілдері туралы хабардар етуді күшейту.
- ХҚКО-да интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша бейнероликтерді көрсетіп тұру.
- интернет-алаяқтық фактілері бойынша ескерту мәтіні бар жүгіртпе жолдарын ТВ арналардан көрсету.
- халық көп жиналатын жерлерде тиісті тақырыпқа билбордтар орнату.
- әкімдік, ҰҚК, Ұлттық банк, республикалық және өңірлік телеарналар, сондай-ақ IT-технологиялар жөніндегі мамандарды жұмысқа тарту.