Алматы облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері оқушыларға патриоттық тәрбие беру сағатына қатысты
Талдықорған қаласындағы тергеу изоляторына қаруланған шабуыл кезінде жарақаттанған қызметкерлері оқушыларға арналған патриоттық тәрбие беру сағатына қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Елімізде болған қаңтар оқиғасына байланысты, жастар арасында жауынгерлік рухын көтеру, патриоттық тәрбие беру мақсатында Талдықорған қалалық 16 орта мектебі басшылығы ҚАЖ қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырды.
Оқушылармен кездесудің басты қонақтары ретінде Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЛА-155/16 мекемесінің қаңтар оқиғаларында жарақат алған қызметкерлері Маулен Мырзабеков және Дидар Байбосынов қатысты.
Тәрбие сағаты Әнұран шырқауымен және қақтығыс кезінде қаза тапқан қызметкерлерді еске алу мақсатымен үнсіздікпен басталды.
Кездесу барысында ҚАЖ қызметкерлері оқушыларға елімізге қызмет етудің басты құндылықтарын түсіндіріп, қойылған сұрақтарға жауап берді.
– Ерлік – табиғаттың сыйы емес, саналы әскери тәрбиенің жемісі, Отан алдындағы парызыңды орындау үшін өзіңді саналы түрде қауіп-қатерге бас тігуге дайын болудың нәтижесі. Біздің мақсатымыз – елімізге қызмет етумен қатар, жас ұрпақтың Отанға деген патриоттық сезімдерін арттыру, – деп атап өтті Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Жәнібек Қосжанов.
Жиын соныңда мектеп басшылығы және оқушылар ҚАЖ қызметкерлеріне алғыстарын айтып, жылы лебіздерін білдірді.