Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында білім беру ұйымдарының қауіпсіздігі тексерілді

Павлодар облысында білім беру ұйымдарының қауіпсіздігі тексерілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекет басшысының оқу орындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау мақсатында құқық қорғау органдары білім беру ұйымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөледі. Білім беру мекемелерін заңсыз қол сұғушылықтан тиімді қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау, оқу орындарындағы қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелерін шешу полицияның үздіксіз бақылауында.

– Аталмыш мекемелердегі балалар қауіпсіздігінің тиісті түрде қамтамасыз етіліп жатқанына көз жеткізу мақсатында біз аумақтық бөлімшелердің бастықтарымен бірлесіп, білім беру ұйымдарына тексеру жүргіздік, – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Василий Скляр.

Тәртіп сақшысы бүгінгі таңда Павлодар облысының білім беру ұйымдарында Жедел басқару орталығына қосылған бейнебақылау камералары орнатылғанын хабарлады.

Қазіргі заман талабына сәйкес барлық білім беру объектілерінде дабыл түймелерінің орнатылуы, сондай-ақ ұйымдарда қолжетімділікті бақылау және басқару жүйесі (турникеттер) орнатылуы өте маңызды.


Білім беру мекемелерін қорғауды тікелей ұйымдастыру ерекше маңызды факт. Сондықтан қазіргі уақытта білім беру объектілерін мамандандырылған күзет қызметіне ауыстыру кезең-кезеңімен жүргізілуде.

– Білім беру мекемелеріндегі ішкі істер органдары жұмысының негізгі құрамдас бөлігі оқушылар арасында да, оларға қатысты да құқық бұзушылықтардың алдын алу болып саналады, – деп атап өтті Василий Скляр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру