Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық топтың отырысы өтті

Елордада құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық топтың отырысы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында “Полицияның қазақстандық сервистік моделі” пилоттық жобасы іске асырылуда. Сервистік модельді дамытудың негізгі бағыттары қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, қадамдық қолжетімділік, сондай-ақ, цифрлық технологияларды қолдану болып табылады.

“Процесстерді оңтайландыру негізінде “тиімді учаскелік” моделі жасалады. “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасы және “қадамдық қолжетімділіктегі полиция” қағидаты бойынша жергілікті полиция қызметін реформалау шеңберінде құқық бұзушылықтардың алдын алу саласындағы негізгі буын болып табылатын учаскелік полиция инспекторларына негізгі рөл беріледі. Азаматтардың қауіпсіздігі – біздің басты міндетіміз”, – деп атап өтті елордалық Полиция департаментінің басшысы Марат Төлебаев.

Азаматтық қоғаммен серіктестік қарым-қатынасты қолдау – полицияның сервистік моделінің негізгі қағидаттарының бірі. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың бірлескен жұмысы және халықпен тығыз өзара іс-қимыл жасау кезінде ғана қол жеткізуге болады.

“Сарыарқа” ауданы әкімінің аппаратында аудан әкімінің орынбасары Әлібек Ахимбековтың төрағалығымен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық топтың отырысы өтті. Дөңгелек үстелге ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары, аудан прокуратурасының өкілі, аудан ТЖБ басшысының орынбасары, Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ консультанты, ЖОО ректорлары, ПИК төрағалары және полиция қызметкерлері қатысты.

Әкімдік жанындағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық топ 2021 жылғы 28 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің өкімімен құрылды, оның құрамына әкімдіктің, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау органдарының, прокуратураның, полицияның және қоғамдық кеңестің өкілдері кірді. Әрбір мемлекеттік орган жалпы іске өзінің тәжірибесі мен білімін енгізе отырып, топтың жұмысына өз түзетулері мен ұсыныстарын енгізе алады.

Дөңгелек үстел отырысының күн тәртібінде  қауіпсіздікті қамтамасыз етудің сервистік моделін іске асыру тақырыбы қаралды. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық топтың мүшелері басым бағыттар мен ұйымдастырушылық сәттерді талқылады, онда басты әрекет қылмыспен тиімді күресу, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған халықтың билік органдарына сенімін арттыру үшін мемлекеттік органдар мен қоғамның тығыз ынтымақтастығы болып табылады.

Пилоттық аумақ ретінде “Сарыарқа” ауданының полиция басқармасының аумағы таңдалды. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық топ Сарыарқа ауданының аумағында алаяқтық, бөтеннің мүлкін ұрлау, есірткіге байланысты қылмыстар сияқты қылмыстарды неғұрлым егжей-тегжейлі зерделеуді басым міндет ретінде қояды. Дөңгелек үстелге қатысушылар полицияның сервистік моделін одан әрі тиімді енгізуге бағытталған жаңа бастамашыл ұсыныстар енгізді, проблемалық мәселелерді, сондай-ақ, оларды шешу жолдарын талқылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру