Ішкі істер министрі бейбіт жиындар кезіндегі полицияның рөлі мен қызметін түсіндірді
Мәжілістің жалпы отырысында ішкі істер министрі Марат Ахметжанов бейбіт жиындар кезіндегі полицияның рөлі мен қызметін түсіндірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылдан бастап саяси мазмұны бойынша мұлдем жаңа «Бейбіт жиналыстар туралы…» Заң күшіне енді.
Акцияларды ұйымдастырушылар оларды өткізу мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен өзара қарым-қатынас жасайды. Бұл ретте бейбіт жиналыстарға қатысушылардың қоғамдық тәртіпті сақтауы жөніндегі міндет ұйымдастырушыларға жүктеледі.
Осыған байланысты полиция құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету тәсілдерін өзгертті.
– Жиналғандармен тікелей байланысу жағдайлары жойылды.
– Өзара әрекеттесу жергілікті әкімдіктердің өкілдерімен жүзеге асырылады.
– Сонымен қатар, полиция акцияға іргелес аумақта қарусыз және арнайы құралдарсыз жауапты қызметкерлермен ұсынылған.
Ішкі істер органдары бейбіт жиналыстарды тоқтату үшін тек мынадай жағдайларда ғана тартылады:
– азаматтардың өмірі мен денсаулығына, қоғамдық тәртіпке қатер төнгенде, мүлікке залал келтіргенде;
– әлеуметтік, нәсілдік, діни алауыздықты өршіткенде,
– конституциялық құрылысты, аумақтық тұтастықты күшпен құлатуға шақыру кезінде (18-б.).
Жаңа заң қабылданғаннан бері – 2020 жылдың маусымынан бастап наразылық білдірушілердің полиция органдарымен қақтығысы болған жоқ.