Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде көрісу өтті
Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде көрісу өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
14 наурыз күні Маңғыстауда халықты ынтымаққа, ұйымшылдыққа, береке-бірлікке бастайтын Амал мерекесі басталды. Осы күнге орай Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде көрісу өтті.
Амал мерекесі наурыздың алғашқы жаршысы іспеттес. Амалдың негізгі шарты - үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық, әлсізді демеу, жарлыны жарылқау. Бұл күні жасы кішілер үлкендерге арнайы сәлем беріп, қол алысып, төс қағыстырады.
- Қыс бойы бір-бірінің өлі-тірісін біле алмай сағынған елдің жасайтын жоралғысы. Ертедегі жұрт бір-бірін құшақтап, кейде өлгендерін жоқтап, кейде тірі қалғанына шүкірлік айтады. "Қыстан аман шықтың ба, мал-жан аман ба, шаруашылығың жақсы ма" деген сарында өлеңдетіп көріскен, - дейді департамент бастығы Алтынбек Қалиев.
Ол жеке құрамды мейраммен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
Амал дәстүрі бір күнмен шектелмейді, ол жыл бойына жалғасады. Қандай да бір себептермен 14 наурызда туған же