Қарағандыда ер адам моншаға келушілердің ақшасын ұрлап кеткен
Қарағандыда ер адам моншаға келушілердің ақшасы мен бағалы заттарын ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
9 наурызда Қарағанды қаласы ПБ Киров ПБ-не 35 жастағы қала тұрғыны арызданған. Арызданушы ер адамның айтуынша, моншада болған кезде белгісіз біреу киім ауыстыратын бөлмеден ақша мен күміс шынжырды ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 25 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдікті 30 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Күдікті қылмысын мойындады. Заттай айғақ алынды.
Полицейлер сотқа дейінгі тергеу барысында ұсталған азаматтың осыған ұқсас тағы бір қылмысқа қатыстылығын анықтады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта амалдары жүргізілуде.