СҚО полицейлері ҚР Президентінің Жолдауын тыңдады
СҚО полицейлері ҚР Президентінің Жолдауын тыңдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО полицейлері тікелей эфирде көрсетілген Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын тыңдады. Өз сөзінде Мемлекет басшысы елімізді одан әрі демократизациялауға бағытталған бірқатар маңызды реформаларды атап өтті.
Тәртіп сақшылары ішкі істер органдарын дамытуға арналған Жолдау бөлігін ерекше ден қойып тыңдады. Өзекті мәселелер – ішкі істер органдарында сыбайлас жемқорлықты жою, қоғамда, әсіресе отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы зорлық-зомбылықтың деңгейін төмендету, Президент әйелдер мен балаларға қарсы қылмыс жасағаны үшін жазаны қатаңдату туралы мәселелерді қарастыруды ұсынды.
Полицейлер үшін мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимыл жасау мәселелері де маңызды. Аграрлық сектор дамыған өлкемізде экономикалық және қоғамдық жағдай Жолдауда атап өтілген диқаншыларды қолдау шараларының жүзеге асырылуына байланысты. Полиция жылда егін егу және астық жинау науқаны кезінде ауыл шаруашылық өндірушілерінің мүлігін қорғау бойынша шаралар қабылдайды.
– Саяси жүйені жетілдіру, мемлекеттік органдардың ашықтық пен айқындылыққа қарай жылжуы, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дамуы – бұл ұсынылған реформалардың әрқайсы құқықтық тәртіпті нығайтуға негіз болады. Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы қоғамдық қауіпсіздікті нығайту бойынша жұмыста бағыт-бағдар көрсетеді, – деді СҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары Сәуле Андағұлова.