Атырауда сотталғандардың еңбегі кәсіпкерлердің назарына ұсынылды
Атырауда сотталғандардың еңбегі кәсіпкерлердің назарына ұсынылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл сайын Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты УГ-157/11 мекемесінің сотталушылары өздерінің қолөнер бұйымдарын мекеме тарапынан ұйымдастырылатын көрме-жәрмеңкелерге шығарып, жеке кәсіпкерлерге ұсынады. Биылғы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында тағы сондай шара өтті.
Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты УГ-157/11 әйелдерге арналған түзеу мекемесіндегі сотталғандар қолдарымен жасаған бұйымдарын жеке кәсіпкерлерге көрсетті.
Көрмеге арнайы Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты УГ-157/11 мекемесіндегі жаза өтеуші сотталғандарды ақылы жұмыспен қамтып отырған РМК Еңбек-Батыс филиалының және «ЭРТРИ», «Белый квадрат», «Асма», «Алмаз», «Кәусәр» жеке кәсіпкерлерінің өкілдері шақыртылып, түзеу мекемелерінде жазасын өтеушілердің жасаған бұйымдары таныстырылды. Көрмеге арнайы жергілікті атқарушы органдар және облыстағы басқа да жеке кәсіпкерлер қатысты.
Көрменің негізгі мақсаты – түзеу мекемесінде жазаларын өтеуші сотталғандарға қосымша жұмыс орындарын ашу және Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты УГ-157/11 мекемесіндегі жеке кәсіпкерлердің шығарып жатырған өнімдерін кеңінен насихаттап, тұтынушылардың назарына ұсыну.
Көрменің тиімділігі – көрмеге келген жергілікті атқарушы органдар мен кәсіпкерлер қалаған бұйымдарға тапсырыс беруге мүмкіндік алды.