Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО бойынша ҚАЖ қызметкері “Үздік жасақ бастығы” республикалық байқауында жүлдегер атанды

ШҚО бойынша ҚАЖ қызметкері республикалық “Үздік жасақ бастығы” байқауында үшінші орынды иеленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ Қостанай академиясында өткен Қазақстан ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің тәрбие қызметі қызметкерлері арасындағы “Үздік жасақ бастығы” атты республикалық кәсіби шеберлік конкурсы өз мәресіне жетті.

Байқаудың негізгі міндеті – моральдық-психологиялық ахуалды жақсарту, қызмет тиімділігін ынталандыру, сотталғандармен тәрбие жұмысының сапасын арттыру және жалпы кәсіби өзегін нығайту.

Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғап, облыс байқауында бірінші орынға ие болған Семей қаласы ОВ-156/15 мекемесінің сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік психология жұмысы бойынша бөлімінің жасақ бастығы Мақсат Серікханов республикалық байқауда үшінші орынға ие болды.

– Бір ғана мекеме емес, күллі облыстың үмітін ақтап, намысты қолдан бермеуге тырысып, өзіндік ерлік жігерін көрсете білген, өнерін ортаға салған, сонымен қатар кәсіби әншілік пен қызметтік міндетін абыроймен атқарып жүрген қызметкеріміздің бірі ретінде Мақсат Серікхановты мақтан тұтамыз, – деп жылы лебізін білдірді мекеме бастығының орынбасары Ерсін Ахметжанов.

Байқау қорытындысы бойынша аталған қызметкерге грамота және бір лауазымдық айлықақы мөлшерінде ақшалай сыйлықақымен марапаттау туралы сертификат табысталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру