Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік тұрғынның көлігінен екі қару мен оқ-дәрілер тәркіленді

Шымкенттік тұрғынның көлігінен екі қару мен оқ-дәрілер тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қала аумағында көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, жолын кесу мақсатында республикалық «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Шара барысында патрульдік полиция полкінің қызметкерлері әкімшілік аумақты патрульдеу кезінде күмән тудырған BMW автокөлігін тоқтатқан.

Автокөлікті қарау кезінде жүк салғыш бөлігінен екі қаруға ұқсас зат және оқ-дәрілер тәркіленді.

Тәртіп сақшылары тез арада жедел-тергеу тобына хабар береді. Анықталған затты қайдан алғаны және қандай мақсатта алып жүргені бойынша тексеру жұмыстарын жүргізу үшін күдікті Абай ауданы Полиция басқармасына жеткізілді.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған жайт бойынша тексеру жұмыстары аяқталғаннан кейін азаматқа қатысты құқықтық баға берілетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру