Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде бірнеше рет пәтер ұрлығын жасаған күдікті ұсталды

Ақтөбеде бірнеше рет пәтер ұрлығын жасаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері пәтер ұрлығын ашу бойынша мақсатты жедел іс-шаралар жүргізу барысында 27 жастағы күдіктіні ұстады.

Күдіктінің 5-тен астам пәтер ұрлығын жасаған. Пәтер иелері болмаған кезде кілтті таңдап, құлыпты бұзып, кірген. Күдіктінің олжасы негізінен ақша мен қымбат зергерлік бұйымдар болған.

Ұсталған азамат кінәсін мойындап, ұрланған зергерлік бұйымдарды ломбардқа өткізгенін айтты.

Полиция қызметкерлері ұрланған заттардың бір бөлігін бірнеше ломбардтан тәркіледі.

ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру