Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы Тәжікстан мен Өзбекстанның 18 азаматын Отанына қайтарды

Алматы полициясы Тәжікстан мен Өзбекстанның 18 азаматын Отанына қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шаһардың көші-қон қызметінің мәліметінше, бұл шетелдіктер Қазақстанда заңсыз жүрген.

– «Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Өзбекстан мен Тәжікстанның 18 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар қаланың ауданаралық мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен мемлекетімізден шығарылды. Аталған елдердің ҚР-дағы консулдық қызметінің күштерімен азаматтар Өзбекстан Республикасының шекарасына дейін рейстік автобуспен жеткізілді. Оларға дипломаттармен елге оралу туралы куәлік берілді, – деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Ал полицияда «Мигрант» іс-шарасы заңсыз көші-қон арналарын, шетелдіктерді заңсыз жұмысқа орналастыру деректерін анықтау мақсатында өткізіліп жатқанын еске салды. Тәжірибе көрсеткендей, заңсыз жүрген келімсектер көбінесе қылмыстық қол сұғушылықтың нысанына айналады немесе оларды өздері жасайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру