Түркістан облысында 71 сотталған рақымшылыққа ілікті
Түркістан облысында 71 сотталған рақымшылыққа ілікті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өткен жылы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 14 мыңнан астам сотталған рақымшылыққа ілікті.
Бұл – ел тарихындағы тоғызыншы рақымшылық. Қазіргі таңда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты Абай аудандық пробация есебінде тұрған 71 сотталғанға қатысты «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңы қолданып, Шымкент қаласы Абай аудандық сотының қаулысымен 36 сотталған азамат жазадан босатылып, 31 сотталғанның жаза мерзімі қысқартылды.
Қаулы заңды күшіне енді. Ал қалған сотталғандардың іс-құжаттары сот қарауында.
– Әрине, еліміз үшін елеулі кезеңде рақымшылық жасау – игі іс. Оның үстіне биылғы заңда алғаш рет əлеуметтік төмен топқа ерекше назар аударылды. Рақымшылық аясында жазадан босаған адамдардың қалыпты өмірге қайта оралуына жағдай жасалды. Атап айтқанда, бостандыққа шыққан адамдарды жұмысқа орналастыру, əлеуметтік жəне басқа да көмек көрсету мəселелері құжатта жан-жақты қарастырылған. Рақымшылыққа ілігетін сотталғандарды іріктеуде бұрынғымен салыстырғанда өзгерістер де болды. Себебі 30 жыл ішінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес рақымшылыққа жататын сотталғандардың санаты да әртүрлі, – деді Шымкент қалалық Абай ауданы бойынша ПҚ бөлімінің инспекторы А.Аблабеков.