«Қару» ЖАІШ: шығысқазақстандық полицейлер тіркелмеген 93 бірлік қаруды тәркіледі
Шығыс Қазақстан облысының полицейлері тіркелмеген 93 бірлік қаруды тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шығыс Қазақстан облысының аумағында 3 ақпаннан бастап «Қару» ЖАІШ өтуде. Шара атыс қаруын қолданумен байланысты қылмыстардың алдын алу, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз айналымнан шығару және иелерінің қару-жарақ қауіпсіздігін сақтауын тексеру мақсатында өткізілуде.
Жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері заңсыз айналымнан тіркелмеген 93 бірлік қару және мыңға жуық оқ-дәрілер тәркіленді. Осыдан басқа, шара аясында тәртіп сақшыларымен 12 мыңнан артық қару иелері тұрғылықты жері бойынша тексерілді және 304 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, олардың ішінде қаруды заңсыз сақтағаны үшін – 84, сақтау ережелерін бұзғаны үшін – 149, тіркеу ережелерін бұзғаны үшін – 71.
23 наурыз күні полицейлермен үйінде үлкен көлемде оқ-дәрілерді сақтаған 34 жастағы қала тұрғыны анықталды. Бұдан басқа, қала тұрғындарынан түскен ақпараттарды тексеру барысында заңсыз оқ-дәрілерді сақтағаны үшін тәртіп сақшылары 53 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады. Тексеру кезінде 16 калибрлі 20 оқ-дәрі, 20 калибрлі бір оқ-дәрі және қолдан жасалған қорғасын оқтары, ұнтақ табылып, тәркіленді. Барлық тәркіленген заттарға тиісті сараптамалар тағайындалды.
– Аталған тұлғалар ҚР ӘҚБтК 482-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ішкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау, қару тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – 20 есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады, – деді ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Е. Закимов.