Қонақ болып келген сарандық үй иесінің алтын сақиналары мен телефонын қолды етті
Қонақ болып келген сарандық үй иесінің алтын сақиналары мен телефонын қолды етті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
12 наурыз күні Қарағанды облысы Саран қалалық полиция бөліміне 59 жастағы азаматша арызбен шағымданған. Жәбірленуші полиция қызметкерлеріне белгісіз біреу үйінен үш алтын сақина мен телефон ұрлап кеткенін айтқан.
Ұрлық болғанға дейін жәбірленуші үйіне қонақ шақырғаны белгілі болды. Оған келтірілген шығын көлемі 395 мың теңгені құрады.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
24 наурыз күні кримналдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жұмыстар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 34 жастағы тұрғын ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізілуде.