Алматылық көші-қон қызметкерлеріне ЖШС директоры алғыс айтты
Алматылық көші-қон қызметкерлеріне ЖШС директоры алғыс айтты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Алғыс хат Алматы қаласы ПД-нің басшылығына жолданған.
- Алматы қалалық Полиция департаментінің көші-қон қызметі қызметкерлеріне шын жүректен алғысымызды және шексіз ризашылығымызды білдіреміз. Біздің компания - Еуропалық бизнес қауымдастығының мүшесі және біз үнемі шетелдік азаматтар мен және инвесторлармен бірге жүруге мәжбүрміз. Сондықтан көші-қон қызметіне жүгінуіміз керек болады. Атап айтқанда, инспектор А. Акубаевтың кәсібилігі мен жедел әрекетін атап өткіміз келеді. Оған виза және көші-қон мәселелері бойынша сауатты кеңес бергені үшін алғыс айтамыз. Халықпен адал жұмысы, қамқорлығы пен адамгершілігі үшін шын жүректен ризашылығымды және шексіз алғысымды білдіремін, - деді "WPK" ЖШС компаниясының директоры А.Сәулен.