Ақтөбе облысының ҚАЖ қызметкерлері республикалық қоян-қолтық спорт турнирінен жүлделі оралды
Ақтөбе облысының ҚАЖ қызметкерлері республикалық қоян-қолтық спорт турнирінен жүлделі оралды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола облысының Щучинск қаласында қоян-қолтық спорт түрінен өткен республикалық турнирге қатысқан Ақтөбе облысының ҚАЖ қызметкерлері жүлделі орындарды жеңіп алды.
Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ұйымдастыруымен барлық облыстағы ҚАЖ қызметкерлері арасында өткізілген спорттық турнир қаңтар оқиғасында қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілерді еске алуға арналды.
Еліміздің әр облысынан 178 ҚАЖ қызметкерінен құралған 16 команда қатысқан республикалық турнирде Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері жүлделі орындарды қанжығасына байлады.
73 келі салмақ дәрежесінде І-ші орынға КА-168/1 мекемесінің режим және күзет бөлімінің бақылаушысы Данияр Жайлыбаев ие болды. 67 келі салмақ дәрежесінде ІІ-ші орынға КА-168/2 мекеме бастығының кезекші көмекшісінің орынбасары Азамат Азберген, ал 97 келіден жоғары салмақ дәрежесінде ІІІ-ші орынды Әйтеке би ауданының пробация қызметі тобының инспекторы Азамат Бақтыбаев жеңіп алды.
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің имиджін қорғап, республикалық турнирден жүлделі оралған ҚАЖ қызметкерлері департамент басшылығының алғыс хатымен марапатталды.