Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтау тұрғынынан ақша бопсалаған үш ер адам ұсталды

Ақтау тұрғынынан ақша бопсалаған үш ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтау қаласы ПБ-ға жазбаша өтінішпен қала тұрғыны жүгінді. Оның айтуынша, үш ер адамның зорлық-зомбылық әрекетпен оның ар-намысына кір келтіретінмәліметтер тарататындығын алға тартып, яғни бопсалау жолымен 460 мың теңге көлеміндеақшалай қаражатына ие болды.

Нәтижесінде, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері күдіктілерді анықтап, ұстады. Олар бұдан алдын да бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі (Қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру