Теміртауда ұры телефон жымқырып, иесінің шотындағы ақшасын шешіп алған
Теміртауда ұры телефон жымқырып, иесінің шотындағы ақшасын шешіп алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
24 наурызда Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Шығыс полиция бөліміне 47 жастағы қала тұрғыны жүгінген. Ол белгісіз біреу ұялы телефондағы ақпараттық жүйені пайдаланып, банк шотындағы 160 мың теңгені ұрлап кеткенін айтты. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бір күн бұрын жәбірленушінің ұялы телефоны жоғалып кеткені белгілі болды. Ер адам оны жоғалтып алғаны туралы жарияламаған. Бірақ кейін белгілі болғандай, ұялы телефонның жоғалуына байланысты шоттағы ақшаның да ұрланғаны анықталған.
3 сәуірде криминалдық полиция қызметкерлері 51 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Ол алдымен телефонды ұрлап, кейін банк шотынан қаражат шешіп алғаны туралы мойындау көрсетпелерін берді. Тергеу амалдары жүргізілуде.